Қазақстандық балуандар еденде ұйықтап, әуежайда түнеуге мәжбүр болған

Қазақстандық балуандар еденде ұйықтап, әуежайда түнеуге мәжбүр болған

Қазақстандық балуандар еденде ұйықтап, әуежайда түнеуге мәжбүр болған
ашық дереккөзі
50229
Қазақстанның жастар құрамасы грепплингтен Испаниядағы әлем чемпионатына аттанып, әуе тасымалдаушының қиындықтарына байланысты Милан әуежайында түнеуіне тура келді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл жағдай Миланнан ары қарай ұшу керек болған рейсті алып тастау себебінен болды. Ал әуе тасымалдаушысы жолаушыларға рейстің болмайтыны туралы алдын ала ескертпеген. Салдарынан бүкіл команда Испанияның Виго қаласына жете алмады. Команда әуежайда түнеуге мәжбүр болып, келесі күні ғана консулдық көмегімен турнир өтетін қалаға аттанған. Алайда Миланнан Испанияға дейінгі билетті спортшылар өз қалтасынан төлеу керек болды. Қазақстан тарапы Iberia әуе тасымалдаушысына шағымданып, ақшаны да қайтаруды талап етті. Қазіргі таңда команда әлем чемпионатына қатысып жатыр. Құраманың бас бапкері Тоқтар Зауырбектің сөзінше, болған жағдайға қарамастан, балуандарымыз жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары