Қазақстанда несиеге пайыз қоспайтын банк ашылуы мүмкін

Қазақстанда несиеге пайыз қоспайтын банк ашылуы мүмкін

Қазақстанда несиеге пайыз қоспайтын банк ашылуы мүмкін
ашық дереккөзі
50332
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанға келуі мүмкін Marsaf ислам банкі туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
«Masraf, ол - ислам банкі. Өздеріңіз білетіндей, олардың қызметі ерекше. Несиеге пайыз қоспайды. Оның қашан ашылатындығына қатысты мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатыр», – деді Сауда министрі.
Сонымен қатар Сауда министрі Қатар мемлекетімен құқықтық база жолын салатын ауқымды келісімдерге келетінін айтқан болатын.
«Жалпы, Қатар - Парсы шығанағындағы өте күрделі мемлекет. Бірінші кезекте, өте бай ел. Біздің Қатармен  қарым-қатынасымыз бұрыннан жақсы деңгейде келеді. Бүгін  мемлекеттер екі шартқа қол қояды. Олар, біріншіден, метрологиялық сертификация, екіншіден, сауда-экономикалық ынтмақтастық туралы келісімдер. Бұл екі елдің сауда байланысына құықтық база қалыптастырып, жол ашатын болады», - деді Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары