50297
Көшкін салдарынан 20-дан астам адам қаза тапты
Көшкін салдарынан 20-дан астам адам қаза тапты
Венесуэланың солтүстігіндегі Лас-Техериас қаласында көшкін салдарынан 25 адам қаза тапты. Ондаған адам жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бірнеше күн бұрын «Хулия» дауылы әкелген нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше өзен арнасынан тасып, қала көшелерін лай басты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына мыңнан астам адам жұмылдырылды.
Венесуэланың солтүстік аймағында нөсер мен су тасқыны салдарынан барлығы 20 мыңға жуық ғимаратқа зақым келді. Аймақта инфрақұрылымның бұзылуы себебімен зардап шеккен аудандарға көмек жеткізу қиындық туғызып жатыр.
Ел президенті өңірді апатты аймақ деп атап, үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.