«Жекпе-жекке дейін бір ай қалды, бірақ қарсыласымды нокаутқа түсіруге қазірден-ақ дайынмын. Дензел, бапкеріңе айт, орамалды уақытында лақтырып үлгерсін!» деп жазды Әлімханұлы.
Жәнібек Әлімханұлы айқасқа дейін қарсыласына ескерту жасады

Жәнібек Әлімханұлы айқасқа дейін қарсыласына ескерту жасады
Орта салмақта WBO чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) қарсыласына мәлімдеме арқылы сес көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақ боксшы келесі қарсыласы - британиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) айбат шегіп отыр. Боксшылар 12 қараша Лас-Вегастағы Palms Casino Resort шаршы алаңында айқасады.