50473
Қорғаныс министрлігі халыққа үндеу жасады
Қорғаныс министрлігі халыққа үндеу жасады
Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының әскери эшелондары тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады деп хабарлады turkystan.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтетіні хабарланған болатын. Аталған оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін, 8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.
Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады.
Сонымен бірге Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша темір жол көлігімен және әскери техникамен өтеді.
Осыған байланысты министрлік азаматтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарға назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.