Психологиялық тест: дәл қазір сізге не жетіспей жүр?

Психологиялық тест: дәл қазір сізге не жетіспей жүр?

Психологиялық тест: дәл қазір сізге не жетіспей жүр?
ашық дереккөзі
51215
Суретке қарап, ойланбай біреуін ғана таңдаңыз.
  1. Еңбекқорсыз, сізге дәл қазір ұйқы мен демалыс жетпей жүр. Күн тәртібіңізді реттеңіз, бос уақытыңыздың бәрінде жұмыс істеуге міндетті емессіз. Сапалы демалған қызметкер сапалы жұмыс істейтінін естен шығармаңыз.
  2. Сізге адамдардың назар аударғаны керек. Күнделікті өзіңізге сыйлық алып беріп, көңіліңізді көтеріңіз. Сонымен қатар жаныңызға жақын таныстарыңызбен жиі жолығып тұрсаңыз артықтық етпейді.
  3. Жұбыңызбен қарым-қатынасыңыз баяғыдай емес, сіз романтикаға мән бермейтін болғансыз. Сезіміңізді оятыңыз. Жартыңызды таңқалдырыңыз. Оның эмоциясы сізге бақыт сыйлайтыны анық.
  4. Бір орында тұрып қалдыңыз. Бұрыннан армандап жүрген істерді орындайтын сәт келіп тұр. Парашютпен секіруді, атпен серуендеуді ойлап жүрген болсаңыз, қазір – қалауыңызды орындайтын кез.
  5. Қазіргі мәселелердің барлығы өзіңізге деген сенімсіздіктен туындап жатыр. Өзіңізді жақсы көріңіз, тұлға ретінде дамыңыз, еңбегіңізді бағалап үйреніңіз.
  6. Сізге тұтас гармонияға түсу үшін үйіңізге бір жылулық жетіспейді. Бала кезіңізде сізге күшік немесе мысық алып бермеген болса, қазір сатып алсаңыз болады. Сіз үшін дәл қазір үй жануарын асыраудың реті келіп тұр.
  7. Ерік-жігеріңіз төмен болғандықтан, басыңызда түрлі мәселелер болып жатыр. Бойыңыздағы креатив пен ақылыңыз дәл қазір сізге пайдасын тигізіп жатқан жоқ. Өйткені бастаған ісіңізден тез жалығатын адамсыз, сол себепті оны аяқсыз қалдырасыз. Жалқаулықпен күресіңіз.
  8. Өміріңізге жаңалық енгізетін уақыт келді. Күнделікті қайталанатын іс-әрекеттер сізді тығырыққа тіреп жіберді. Сол себепті күніңізді ерекше етіп өткізу жағын ойлаңыз.

Серіктес жаңалықтары