50317
Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды
Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының мүшелігіне тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қазандағы шешімі бойынша Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының жаңа мүшесі (Министрі) болып тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік және антимонополиялық реттеу мәселелері кіреді.