402
Ресейлік миллиардерлердің табысы Трамп жеңісінен соң өскен
Ресейлік миллиардерлердің табысы Трамп жеңісінен соң өскен
Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланған уақыттан бері ресейлік миллиардерлердің, соның ішінде Владимир Путинмен байланысы бар байлардың табысы 29 миллиард долларға өскен, деп хабарлады америкалық Forbes журналы.
Бәрінен де Геннадий Тимченко (2014 жылы Қырымның аннексиясынан соң АҚШ санкцияларына іліккен) мен Леонид Михельсонның жағдайы жақсарған. Оған НОВАТЭК газ компаниясының акцияларының бағасының өсуі себеп болған (АҚШ-тағы сайлаудан соң 16 пайызға өскен). Қазір Тимченконың 15 миллиард доллары, ал Михельсонның 18 миллиард доллардан астам қаражаты бар.
Журнал "Сибур" мұнай холдингінің қожайындарының бірі Кирилл Шамаловтың ақшасы көбейгенін атап өтті. Reuters агенттігі оны "Путиннің күйеу баласы" деп жазды.
Ресейлік миллиардерлердің қаражатының өсуіне акциялардың бағасының көтерілуі ғана емес, рубльдің өткен жылы 20 пайызға нығаюы да әсер етті.