50454
Елімізде баспана бағасы қалай өзгерді?
Елімізде баспана бағасы қалай өзгерді?

Қыркүйек айында қолданыстағы үйлер нарығындағы пәтерлердің бағасы 10 қалада өсті деп хабарлады turkystan.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Өсім Алматы қаласында тіркелді: +1,9 пайыз. Бір шаршы метрдің орташа бағасы 671,3 мың теңгені құрады.
Семейде 1,3 пайызға (353,8 мың теңге), ал Астанада 1,2 пайызға (481,6 мың теңге) көтерілді. Қалған жеті қалада өсім бір пайызға жетпейді:
Ақтөбеде +0,9 %, бір шаршы метрі үшін 277,1 мың теңге;
Оралда +0,8 % (306,5 мың теңге);
Шымкентте +0,4 % (421,5 мың теңге);
Таразда +0,2 % (296,3 мың теңге);
Павлодарда: +0,2 % (362,5 мың теңге);
Көкшетауда +0,1 % (322,3 мың теңге);
Ақтауда +0,1 % (294,4 мың теңге).
Өскемен, Талдықорған және Қарағандыда бағалар өзгерген жоқ
Ал Қызылорда, Атырау, Қостанай мен Петропавлда баспана бағасы 0,1-1,3 пайызға төмендеді.