50358
«Манас» жырын 124 сағат оқыған Рысбай Исаков Гиннес рекордын орнатты
«Манас» жырын 124 сағат оқыған Рысбай Исаков Гиннес рекордын орнатты

Түркияның Бурса қаласында өткен «Манас апталығында» 124 сағат «Манас» эпосын оқыған манасшы Рысбай Исаков Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы – Бурса қаласында қырғыз халық ауыз әдебиетінде маңызды орын алатын және түркі әлемінің бірегей әдеби, мәдени мұраларының бірі болып саналатын әлемге әйгілі «Манас» эпосын дәріптеу іс-шарасы өтуде.
«Манас апталығы» аясында Бурса тұрғындары мен қонақтары Меринос қалалық саябағында түркі әлемінің осы мәдени мұрасымен таныса алды.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан келген белгілі манасшылар қатысты.
Іс-шара ТҮРКСОЙДЫҢ қолдауымен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылды.