Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Жиналыста партия мүшелері Жигули Дайрабаевтың алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде кандидатурасын қолдады. Жигули Дайрабаев – «Атамекен» ҰКП Төралқасы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.
«Құрметті партияластарым, сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын. Бар күшімді Қазақстанның және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына саламын», - деді Дайрабаев.Қазақстан фермерлері қауымдастығы сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Жигули Дайрабаев 68 жаста. Үйленген, үш баласы мен жеті немересі бар. Еске сала кетсек, Қазақстанда кезектен тыс сайлау биыл 20 қазанда өтеді.