50482
Бүгін үш облыста көктайғақ болуы мүмкін
Бүгін үш облыста көктайғақ болуы мүмкін

Қазақстанның үш облысында көктайғақ болуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
30 қыркүйекте түнде Абай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында көктайғақ қаупі бар. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.