Ләззат СҮЛЕЙМЕН, Сенат депутаты: Мұндай тәжірибені біз бірінші рет енгізіп отырмыз

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, Сенат депутаты: Мұндай тәжірибені біз бірінші рет енгізіп отырмыз

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, Сенат депутаты: Мұндай тәжірибені біз бірінші рет енгізіп отырмыз
ашық дереккөзі
50576
– Қалың елді дүрліктірген Қаңтар оқиғасы қордаланған көп мәселенің бетін ашып берді. Халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлығы, жұмыссыз жас­тардың мәселесі, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жайттардың көбеюі, қара­жаттың әділетсіз бөлінуі, билік пен халықтың арасындағы алшақтық секілді өзекті мәселелерді алдымызға жайып салды. Бүгінде бұл қиындықтарды еңсеру үшін билік жаңаруға тиіс. Қаңтар қасіретінен кейін Президент Қ.Тоқаев жаңа саяси курс, реформалар, қордаланған проблемалардың шешу жолдарын ұсынды. Мемлекеттік деңгейде біраз жағдайларға байланысты халық мүддесі тұрғысынан шешімдер қабылданғанын да білесіздер. Ал жергілікті жерлерде, әлі де жағдай негізінен баяғыдай. Ауыл-аймақтағы сай­лаушылармен кездескенде олардың айтатын назы баяғы, ахуалы да сол қал­пы: ауыл шаруашылығы тұралап жатыр, медициналық көмек жеткіліксіз, әлеу­меттік аз қамтылған жандарға көмек мардымсыз т.т. Осының бәрін ретке кел­тіру үшін уақыт керек және елімізде билік жаңаруға тиіс. Билікті жаңарту ке­зең-кезеңімен, демократиялық жолмен шешілуге тиіс. Мемлекет басшысы Конс­титуциялық реформаны халыққа ұсынған кезде билікті жаңартудың жол­дарын ұсынды: ол суперпрезиденттік жүйеден бас тарту, мықты Парламент қа­лыптастыру, есепті Үкіметтің болуы. Осы және басқа көптеген жаңа­шыл­дыты 5 маусым күні өткен референдумда Қазақстан халқы қолдады. Енді Конституцияға енгізілген қағидаларды іске қосуымыз керек. Бұл – Қа­зақ­стан жаңаруының басы, баршамыздың қатысуымен орындалатын үлкен күр­делі процесс. Алда өтетін кезектен тыс Президент сайлауын осы референдумда қолдау тап­қан саяси реформаны іске асырудың нақты бірінші қадамы деп ойлаймын. Әрі бұл – Әділетті Қазақстанға қарай жолдың басы. Келесі жылы Мәжіліс депутаттарын сайлау өткізіледі. Мәжіліспен қатар облыс­тық, аудандық мәслихаттар депутаттары да жаңадан сайланады. Өкілді билікті қалыптастыруға байланысты сайлау жүйесі өзгереді. Мәжіліс де­путаттарының 70 пайызы – партиялық тізіммен, қалған 30 пайызы бір ман­датты округтардан сайланады. Облыстық мәслихат депутаттарының 50 пайы­зын (50 пайыз партиялық тізіммен), аудандық, қалалық мәслихаттар толы­ғымен бір мандатты округтерден сайланады. Қызметін дұрыс атқармаған депу­таттың мандатын халық қайтып ала алады. 2 жылдан бері ауыл әкімдерін ха­лық тікелей сайлауда. Осы қадамдардың нәтижесінде барлық деңгейдегі мемлекеттік билік жаңарады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, нағыз қызу да қиын жұмыс енді басталмақ. Негізі, бізде 10-15 жыл бұрын Президенттің өкілеттілігі жеті жыл болған, бірақ екі рет сайлануға мүмкіндік берілетін. Сосын ол мерзімді 2 мәрте сайлануға болатын бес жылға қысқартты. Ал жеті жылға бір рет қана сайлану туралы өзгеріс биліктің ауысып отыруы­на, Президент қызметін атқаратын азаматтардың жаңарып отыруына мүм­кіндік береді. Бұл үрдіс басқа салаларға да әсерін тигізеді. Жалпы, бір сайланған соң адамның келесі сайлау қарсаңында «Қалай да жеңе­мін, осы қызметте қалайша ұзағырақ қалуға болады?» деп әрекет жасай­ты­нын әлемдік саясаттан да көріп отырмыз. Билік заңдылығы осындай, өкініш­ке қарай. Ал бір рет қана сайланатын Президент жеті жыл ішінде халықтың жадында игі істері мен нәтижелі реформасымен жатталып қалуға тырысып, алаңсыз жұмыс істей алады. Уақытты, мүмкіндікті мүлт жібермеу үшін қолынан келген­нің барлығын жасайды. Жалпы, Президенттің өз әлеуетін толық көрсетуге, бағдарламасын жүзеге асыруға жеті жыл жеткілікті уақыт. Әрі елді дамытуға мүмкіндігі бар өзге азаматтарға да жол ашылады. Жалпы, Президентті 1 мәрте сайлауды енгізу – қоғамдағы саяси мәдениетті де өзгертуге бағытталған алғышарт. Орталық Азия мемлекеттерінде, көрші елдерді қоса алғанда осындай тәжірибені біз бірінші рет енгізіп отырмыз. Суперпрезиденттік жүйеден кейін осындай қадамға баруымыздың да себептерін халқымыз жақсы түсінеді деп ойлаймын. Қазақстанның өзіндік орны бар, бағыты айқын, мақсаты анық. Мемлекеттің, ұлттың алдында тұрған мақсат-мүдделер өзгермейді. Ол ата-бабадан қалған жерді сақтау, елді қорғау, елдің азаматтарының өсіп-өнуіне бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау, яғни экономикалық өркендеу, әлеуметтік жаңғыру, ашық, әділетті қоғам құру. Ол үшін ең алдымен қалыптасқан сыбайлас жемқорлық жүйесін жоюымыз керек. Коррупция жоғарыдан бастап, мектеп, ауруханаға дейін жайлағанының куәсі болып отырмыз. Тек қана билік басында отырған әрбір адамның атқарған қызметі, ұсталған халықтың қаражаты туралы халыққа жүйелі түрде есеп беруді қамтамасыз ету арқылы ғана билік пен халық арасындағы алшақтықты жойып сенім мандатын алуға болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы көпшілікті толғандырып отырған мәселелердің бетін ашып айтып отыр. Сол мәселелерді еңсеру оңайға соғып жатқан жоқ. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауы арқылы ел іргесін сөкпейтін, береке-бірлікті нығайтып, өркендеуге жетелейтін ұсыныстарды ортаға салды. Енді осы мақсаттарды түсіністікпен, ортақ келісіммен ретіне келтіру қажет. Ең бастысы – ешқандай бүлінушілікке жол бермеу. Ол үшін Үкімет халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік жағдайын көтеруге, ертеңгі күніне, балаларының болашағына алаңдамайтындай жағдай қалыптастыруы қажет. Адал еңбегімен игілікке жеткісі келетін әрбір азаматқа мүмкіндік беру үшін атқарылуы тиіс жұмыстар шаш-етектен. Мұны іске асыру үшін үлкен күш-жігер, ұлт бірлігі керек. Бұл процестің басында Президент сайлауы тұр. Президенттің кешегі үндеуіне айтылған құндылықтар: халық тағдыры, ел бір­лігі, Қазақстан болашағы әрқайсысымыз үшін қымбат. Әділетті Қазақстан құру­ға әрқайсысымыз үлес қосуымыз керек.

Серіктес жаңалықтары