Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр – Президент

Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр – Президент

Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр – Президент
ашық дереккөзі
50211
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдетуді тапсырды деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ғимараттар мен сыныптар ғана емес, сондай-ақ мұғалімдерді даярлау жүйесі және оқу бағдарламалары ең жоғары стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Тағы бір маңызды мәселе. Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын. Жалпы, барлық оқыту үдерісін барынша цифрландыру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары