Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты

/
Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты
ашық дереккөзі
Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты Армения Әзербайжанмен шекарадағы жағдайға байланысты 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің оқу-жаттығуларына қатыспайды. Бұл туралы turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Армян-әзербайжан шекарасында туындаған жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі Армения Республикасының Қарулы күштерінің алдына қойған міндеттерін  негізге ала отырып, ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстан Республикасында өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады», – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары