Атырауда 600 адам рақымшылыққа ілінді

Атырауда 600 адам рақымшылыққа ілінді

Атырауда 600 адам рақымшылыққа ілінді
ашық дереккөзі
178
Атырау облысында 600 сотталушы рақымшылыққа ілікті, олардың 98-і түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Рақымшылық жарияланған кезеңде өңірдегі бас бостандығынан айыру мекемелерінде барлығы 596 адам болды. Олардың 98-іне кешірім жасалды, соның ішінде 27 адам бостандыққа шықты. Ал қалғандарына мерзімдері қысқартылады немесе анағұрлым жұмсақ жазаға ауыстырылады. Онымен қоса, облыста пробация қызметінің есебінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар тағайындалған 1065 адам тұр. Олардың ішінде 502-сі рақымшылыққа ілікті, 296-сына кінәлары толығымен кешірілсе, қалғандарына жазалау мерзімдері қысқартылды. «Рақымшылыққа іліккен тұлғаларға қатысты материалдардың бір бөлігі шешім қабылдану үшін сотқа жөнелтілді», — деп хабарлады Атырау облыстық прокуратура басқармасының басшысы Кемел Иманғалиев.

Серіктес жаңалықтары