Баку Армениямен шекарада тағы да оқ атылғанын мәлімдеді

Баку Армениямен шекарада тағы да оқ атылғанын мәлімдеді

Баку Армениямен шекарада тағы да оқ атылғанын мәлімдеді
ашық дереккөзі
50209
Бүгін Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения қарулы күштерінің мемлекеттік шекараға оқ атқаны туралы хабарлады деп жазды turkystan.kz. «Бейсенбі күнгі кештен бастап, қыркүйектің 23-інің таңына дейін Армения қарулы күштерінің бөлімдері Товуз, Калбажар және Дашкасан облыстарының шекаралас аймақтарында  орналасқан Әзербайжан армиясының позицияларын атқылады. Атыс әртүрлі калибрлі қарудан жасалды» деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Еске салсақ, 13 қыркүйекке қараған түні Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс қайта басталған еді. Сол кезде Ереван оңтүстік-шығыс шекараны атқылағанын жариялап, ҰҚШҰ-ға жүгінген.

Серіктес жаңалықтары