Отандасымыз жүзуден Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Отандасымыз жүзуден Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Отандасымыз жүзуден Азия чемпионатында қола жүлде иеленді
ашық дереккөзі
50166
22 қыркүйекте жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Федотова Самарқандта өткен 10-шы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды деп хабарлады turkystan.kz. Жарыстың бірінші күні қазақстандық спортшы Азияның үздік жүзушілерімен бәсекеге түсіп, 5 шақырым қашықтықта үшінші орынға ие болды. Алтын медаль жапондық Юкима Мориямаға бұйырды. Ал екінші орынды Гонконг өкілі Ин Нип иеленді. Басқа қазақстандық спортшылар Диана Тасжанова мен Ирина Архипова тиісінше бесінші және жетінші орындарды иеленді.

Серіктес жаңалықтары