Дина АЙКЕНОВА: Саяси жүйені қайта құрудың алғашқы баспалдағы

Дина АЙКЕНОВА: Саяси жүйені қайта құрудың алғашқы баспалдағы

Дина АЙКЕНОВА: Саяси жүйені қайта құрудың алғашқы баспалдағы
ашық дереккөзі
326
– Бүгін Мемлекет басшысы 20 қарашада кезектен тыс Президент сай­лауын өт­кізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – қазіргі кезде өте қа­жет қадам. Оның бірнеше себебіне тоқталып өтейін. Біріншіден, бұл – референдум бекітілгеннен кейін саяси жүйені қай­та құру­дың алғашқы баспалдағы. Екіншіден, сайлау азаматтарды жаңа мақсаттар мен әділетті Қазақстанды құру, сол жолда жұмыс істеу төңірегінде біріктіру үшін қажет. Сонымен қатар, тұрақсыз геосаяси жағ­дайда ел басшысының сенімділігі ар­қылы тұрақтылықты сақ­таудың кепілі болмақ. Жалпы Президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қыз­метте не­месе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болу­ға тиіс. 40 жастан асуы керек, мем­лекеттік тілді білуі де міндетті, Қа­зақ­стан азаматы болуы және соңғы 15 жыл­да ел аумағында болуы шарт. Сараптамалық ортада сайлауға орта есеппен 4-5 үміткер қатысады де­ген пі­кір бар, олардың арасында екі әйел болуы мүмкін. Қ.Тоқаевтың сайлау платформасында әлеуметтік-экономикалық прог­реске қол жеткізуге бағытталған жаңа бастамалар болады. Олар жұ­мыспен қамту, өңір­лерді дамыту және қауіпсіздік мәселелерін қоз­ғауы әбден мүмкін. Ел Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, ма­те­риалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде қа­жетті ша­ралар қабылдайтын болады. Өңірлерде учаскелер мен аумақ­тық сайлау ко­миссиялары жұмыс істей бастайды.

Серіктес жаңалықтары