Балалардың қолымен жасалған аса ауыр 5 қылмыс

Балалардың қолымен жасалған аса ауыр 5 қылмыс

Балалардың қолымен жасалған аса ауыр 5 қылмыс
ашық дереккөзі
50513
Естеріңізде болса, биыл мамыр айында Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы қамауға алынды. 16 жастағы қызға қанды оқиғаны жасауға досы көмектескен. Туған анасын пышақтап өлтірген бойжеткен мәйітті балконда жасырған. Тар құрсағын кеңітіп, тоғыз ай көтерген анасына баласы бұндай қиянатты не үшін жасады? Сұрақ көп, бірақ жауап жоқ. Turkystan.kz балалар асқан жауыздықпен жасаған 5 қылмысты мысалға келтірді. [caption id="attachment_197317" align="alignnone" width="1280"] width= Фото:m.fishki.net[/caption] Владимир Винничевский, 15 жаста – өлім жазасына кесілген КСРО-дағы ең жас қылмыскер. Бұл жас қылмыскердің оқиғасы жанды түршіктіреді. Сүйкімді бала 1923 жылы Свердловскіде (қазіргі Екатеринбург) дүниеге келген. 15 жасынан бастап адам өлтіре бастаған. Көбіне 2,5 жас пен 4 жас аралығында бүлдіршіндерді зорлап, қорлықпен жандарын алған. Полицияның көмегімен Владимир Винничевскийдің 18 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Оның ішінде 8 жағдайда балалар өлімімен аяқталған. Қылмыскер бүлдіршіндерді тұншықтырып, қылмыс барысында суық қару қолданған. Полиция 15 жастағы бозбаланы қолға түсіру үшін ұзақ уақыт кетті. Оны Свердловск милиция мектебінің 3 курсанты – кішкентай баланы орманға қарай апара жатқан жерінен ұстаған. Владимир 1940 жылы ату жазасына кесілді. [caption id="attachment_197318" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:telegra.ph[/caption] Аркадий Ниланд, 15 жаста – соғыстан кейін КСРО-да атылған жалғыз жасөспірім. Аркадий Ниланд 1949 жылы Ленинградта дүниеге келген. Ол анасы, өгей әкесі және екі өгей бауырымен бір бөлмелі коммуналкада тұрады. Ата-анасы ащы суға құмар болған. Жиі балаларына қол көтерген. 12 жасында бозбаланы ұрлық жасағаны үшін полиция есепке алады. Ал 15 жасында өте ауыр қылмыс жасап, өлім жазасына кесілді. Соңғы оқиғада бала «пошташы» болып, пәтерді тонамақ болады. 37 жастағы пәтер иесін 15 рет балтамен ұрған, ал әйелдің кішкентай ұлына 6 рет соққы жасаған. Артынша, қылмыскер асықпай таңғы асын ішіп, кейін пәтерді өртеп кеткен. Аркадий Ниланд Хрущевтің жеке бұйрығымен ату жазасына кесілді. [caption id="attachment_197319" align="alignnone" width="1253"] width= Фото:boredomtherapy.com[/caption] Мэри Флора Белл, 11 жаста, Ұлыбритания Қыз алғашқы қылмысын 1968 жылы — туған күніне бір күн қалғанда жасаған. 11 жастағы Мэри Флора төрт жасар Мартин Браунды өлтірген. Бірнеше айдан кейін Мэри құрбысымен тағы бір сәбидің өмірін қиды. Мэри өмірінің 12 жылын түрмеде өткізді. Деректерге сүйенсек, бостандыққа шыққаннан кейін, бойжеткен атын өзгертіп дүниеге бала алып келген. [caption id="attachment_197320" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:uduba.com[/caption] Джесси Померой, 14 жас, АҚШ Джесси 14 жасында (1897 жылы) төрт жасар баланы аяусыз өлтіргені үшін қамауға алынды. Бұл оқиғаға дейін, яғни үш жыл бұрын қылмыскер басқа жеті баланы аяусыз қорлап, азаптаған. Ерсі қылығы үшін Джесси түзету мектебіне ауыстырылды. Жақсы тәртібі үшін жасөспірім аталған мекемеден шыққанымен, көп ұзамай, анасының дүкеніне кірген 10 жастағы қызды айуандықпен өлтірген. Араға бір ай салып, тағы бір баланы ұрлап, қала сыртындағы батпаққа апарып, бүлдіршіннің басын кесіп тастаған. Тергеу барысында полиция кішкентай баланың денесін көрсетіп, «өзіңді кінәлімін деп есептейсің бе?» деген сұраққа «мұны мен істеген сияқтымын» деп жауап берген. [caption id="attachment_197321" align="alignnone" width="1200"] width= Фото:horroresrevelados.wordpress.com[/caption] Жасмин Ричардсон, 12 жас, Канада 2006 жылы 12 жастағы Жасмин ата-анасын өлтірген. Содан кейін інісін бауыздап, ойыншықтардың арасында қансыратып қалдырып кеткен. Мәйіттерді тапқан полиция қызметкерлері бастапқыда қыз маньяктың құрбаны болды деп болжам жасаған. Бірақ, көп ұзамай, Жасмин өзінің 23 жастағы жігітімен қолға түсті. Қанішер өзінің жасаған қылмысына еш өкінбейтінін жеткізген.  

Серіктес жаңалықтары