50248
Қостанай облысында жол апатынан ер адам қаза тапты
Қостанай облысында жол апатынан ер адам қаза тапты

Оқиға 20 қыркүйек, сағат 7:40-та болған деп хабарлады turkystan.kz.
«Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолында ВАЗ-2107 автокөлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Skoda автокөлігімен соқтығысқан. ВАЗ-2107 жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.Сондай-ақ екі жолаушы және Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.