95 млн теңгеге дейін: шетелдегі балалардың есепшотына қанша аударылады?

95 млн теңгеге дейін: шетелдегі балалардың есепшотына қанша аударылады?

95 млн теңгеге дейін: шетелдегі балалардың есепшотына қанша аударылады?
ашық дереккөзі
50867
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында балаларға арналған жаңа қор жүйесін ұсынды. «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама аясында арнайы шотқа жыл сайын Ұлттық банктен инвестициялық табыс аударылмақ. Сарапшылардың пікірінше, әр балаға шамамен 18 жасқа дейін 400 доллардан келеді. Ал өзге елде бұндай төлем бар ма? Қалай, қашан және қанша беріледі? [caption id="attachment_196966" align="alignnone" width="1200"] width= Фото:vashurok.ru[/caption] Швеция Швецияда мемлекет толтыратын жинақ шоты жоқ. Себебі бұл елде барлық қызмет түрі балалар үшін тегін. Мысалы, дотациясы бар балабақша, мектептер, стоматология (18 жасқа дейін), тамақтану және университетке балалар мемлекет есебінен барады. Жинақтау шотының орнына ата-аналар ай сайын barnbidraget алады. Бұл - Швецияда тұратын және 16 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға автоматты түрде төленетін ақшалай жәрдемақы. Төлем 1 250 швед кронын құрайды. Яғни, теңгеге шаққанда отбасындағы әрбір балаға ай сайын 55 мың теңге аударылады. 16 жасқа толған шведтің шотында 10 миллион теңгеге болады. [caption id="attachment_196967" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:uainfo.org[/caption] Финляндия Финляндияның әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік агенттігі «Kela» бала 17 жасқа толғанға дейін жәрдемақы аударады. Бірінші бала үшін жәрдемақы мөлшері айына шамамен 100 еуроны (47 мың теңге) құрайды. Әрбір келесі бала үшін жәрдемақы мөлшері ұлғайып отырады. Бір немесе бірнеше бала тәрбиелеп отырған аналарға немесе жалғызбасты әкелерге жоғары жәрдемақы тағайындалады. Бұл ретте төлемдерге салық салынбайды. [caption id="attachment_196968" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:brooklynreporter.com[/caption] Норвегия Норвег балалары кәмелет жасқа толғанға дейін ай сайын 150 доллардан алады. Бұл 71 мың теңге. Жәрдемақы мөлшері, салыстырмалы түрде жоғары болғанымен, бұл  елде балабақшаның бір айлық төлемі 400-500 долларды құрайды (шамамен 200 мың теңге). Жұмыс істейтін аналарға бала тууға арналған біржолғы төлем шамамен бес мың доллар (2,3 млн теңге). [caption id="attachment_196969" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:fujairahinfocus.blogspot.com[/caption] Біріккен Араб Әмірліктері БАӘ азаматтары бала тууға байланысты 50-ден 200 мың долларға дейін (23 млн - 95 млн теңге) біржолғы төлем алады. Егер қажеттілік болса, қосымша үй де беріледі. Бұл жерде бір айта кететін жайт, берілетін тек жылжымайтын мүлік  қала шетіндегі бір бөлмелі пәтер емес, толыққанды үй немесе тіпті шағын вилла. Мұнай мен газдан түскен кірістер елдің әрбір кішкентай азаматы үшін шот ашуға мүмкіндік береді. 18 жылда шотта шамамен 100 мың доллар жиналады. Бұл теңгеге шаққанда 47 миллион теңгеге тең. [caption id="attachment_196973" align="alignnone" width="1280"] width= Фото:.incamp.ru[/caption] Чехия Бір реттік төлемнен бөлек, кішкентай чехтердің ата-аналарына жәрдемақы төрт жасқа дейін төленеді. Ал кейде ерекше факторларды ескере отырып, жәрдемақы 7 жасқа дейін созылады. Үш жылға дейін берілетін сома 150 долларды (71 мың теңге), үштен төртке дейін – шамамен 80 долларды (38 мың теңге) құрайды. Аз қамтылған отбасылар жәрдемақыны 26 жасқа толғанға дейін ала алады. [caption id="attachment_196970" align="alignnone" width="1200"] width= Фото:rus.delfi.ee[/caption] Эстония Эстонияда жәрдемақының ең төменгі мөлшері  – шамамен 350 доллар болып бекітілген (166 мың теңге). Балалар 16 жасқа дейін алады. Егер бала университетте оқитын болса, онда төлемдер 19 жасқа дейін жалғасады.  [caption id="attachment_196971" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:mecc.gov.md[/caption] Румыния Ата-анасының бірі  Румыния азаматы болса, онда отбасы әрбір балаға 18 жасқа толғанға дейін айына 60 доллардан (28 мың теңге), яғни жылына шамамен 720 доллардан (341 мың теңге) алады. [caption id="attachment_196972" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:all-companies.ru[/caption] Германия Германия – жұмыс істемейтін аналарға бала күтімі бойынша төлемдерді жүзеге асыратын, сирек кездесетін еуропалық елдердің бірі. Сома шамамен 350 доллар  (166 мың теңге). Тағы да берілетін қосымша жәрдемақылар бар. Шығындарды өтеуге және мектептен тыс үйірмелерге төлеу үшін айына 140 долларға дейін (66 мың теңге) қаражат шотқа түседі. Жалпы, елде жәрдемақы бала 18 жасқа толғанға дейін беріледі. Егер Германияның жас азаматы оқуын жалғастырса немесе жұмыс таба алмаса, онда жәрдемақы 25 жасқа дейін ұзартылады. «Балалар ақшасының» мөлшері бірінші және екінші балаға (әрқайсысы үшін) ай сайын шамамен 210 долларды (100 мың теңге) құрайды. Үшінші бала туған кезде жәрдемақы 15 долларға (7 мың теңге) артады. Төрт және одан да көп балаларға ай сайынғы төлем шамамен 250 долларды (118 мың теңге) құрайды.

Серіктес жаңалықтары