50385
Атырауды түтін басты
Атырауды түтін басты

Атырау қаласын тағы да қара түтін қаптады деп хабарлады turkystan.kz Atpress.kz-ке сілтеме жасап.
«18 қыркүйек күні сағат 12:00-де Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі Алғабас ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта 20 гектар қамыс өртенді. Батпақты жер болғандықтан техниканың бара алмауына байланысты оны сөндіруге мүмкіндік болмады», - деп жазылған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімі таратқан хабарламада.Салдарынан Атырау қаласына қарай оңтүстік-шығыстан 5-7 м/с жылдамдықпен жел соғып, түтін исі қалаға жеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.