Қазақстандық жасөспірім теннисшілер алғаш рет Азия чемпионы атанды

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер алғаш рет Азия чемпионы атанды

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер алғаш рет Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50187
Елордада 12 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия командалық біріншілігі мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап. Қазақстандық ұлдар (капитаны Сергей Квак) финалда Таиланд құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Чемпиондық мәселе соңғы, жұптық бәсекеде шешілді. Роберт Каминский мен Гиорги Брегвадзе Дарма Антаратон мен Три Срисеннен басым түсті. Есеп - 7:5, 6:3. Осылайша, қазақстандық ұлдар өз тарихында алғаш рет чемпиондық тұғырға көтерілді. Қыздар құрамасы финалда Таиланд құрамасына жол берді - 0:3. Осыған дейін қазақстандық қыздар 2019 және 2021 жылдары чемпион атанса, ұлдар 2019 жылы қола, өткен жылы күміс жүлдеге ие болған еді.

Серіктес жаңалықтары