«Өздеріңізге мәлім, ертең әлемдегі ең үздік боксшының бірі, отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші рет шаршы алаңда кездеседі. GGG – қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, елдің абыройын асқақтатып жүрген даңқты спортшы. Алдағы тартысты жекпе-жекте жерлесімізге жеңіс тілейік және жанкүйер болайық!» деп жазды Ерлан Қошанов фейсбуктегі парақшасында.
«GGG қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтерді» – Ерлан Қошанов

«GGG қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтерді» – Ерлан Қошанов
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Жақанұлы ертеңгі сайыста Геннадий Головкинді қолдауға шақырды деп хабарлады turkystan.kz.