Елбасы екі министрлікті қайта құрды

Елбасы екі министрлікті қайта құрды

Елбасы екі министрлікті қайта құрды
ашық дереккөзі
432
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі министрлікті қайта құруды тапсырды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру" туралы Қаулы Президенттің сайтында жарияланды. "Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне: халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып; 2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, еңбекші көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және іске асыру, көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау және болжамдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары