Абай облысында заңсыз жүрген 6 шетелдік анықталды

Абай облысында заңсыз жүрген 6 шетелдік анықталды

Абай облысында заңсыз жүрген 6 шетелдік анықталды
ашық дереккөзі
50240
Абай облысында заңсыз жүріп-тұрған 6 шетелдік анықталды деп хабаралады turkystan.kz Semeynews.kzке сілтеме жасап.  Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде базарларды, уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тұрғылықты жерлерін, сондай-ақ құрылыс объектілерін тексерді. Ертіс қонақ үйіне жүргізілген тексеру барысында облыс аумағында уақытша тұруға рұқсат берілмеген, қай кезден бастап тұрып келе жатқандары белгісіз Өзбекстанның алты азаматы анықталды. Аталған заңбұзушылықтар үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4, 5-бөліктері бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары