Александр Шевченко, «Сыроделкино» ірімшік цехының иесі: Мен – өндіріс иесі ғана емес, өндірістің дәл өзімін...

Александр Шевченко, «Сыроделкино» ірімшік цехының иесі: Мен – өндіріс иесі ғана емес, өндірістің дәл өзімін...

Александр Шевченко, «Сыроделкино» ірімшік цехының иесі: Мен – өндіріс иесі ғана емес, өндірістің дәл өзімін...
ашық дереккөзі
50285
Қазір бәзбіреу қаладағы «тұрақты жұмысы мен жайлы ортасын тастап ауылға көшіп келіпті» дегенді естісек, ертегі естігендей бола­мыз. Керісінше, ауылдан қалаға жаппай көшу үрдісі белең алып тұр­ған шақта «Қара да тұр. Көпке ұзамайды. Қалаға қайта көшіп ке­теді» деп сенімсіздік танытамыз. Ал ауылда кәсіп ашып, табысқа ке­нелгісі келетінін естігенде «Ауылда мүмкіндік жоқ. Не бітірер дер­сің?» деп мұрын шүйіретініміз тағы бар. Мұндайды талай рет есті­ген Александр Шевченко еті үйреніп кеткенін, оған мән бермеуге ты­рысатынын айтады. Александр Ақмола облысы Ерей­мен­тау ауданына қарасты Торғай ауы­лында туып-өскен. Ауыл балалары се­кіл­ді арман қуып Алматыға келген соң М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясында ин­же­нер мамандығын алып шығуды мақсат ете­ді. Ақылы бөлімде оқыған ол оқудан қол босаған кезде нәпақа табу үшін ауыр жұмыстан қашпай, керісінше, қиын­дықты жеңе білуге, бүгінгі шаруа­ны ертеңге қалдырмауға дағды­лан­ға­нын айтады. «Университет бітірген соң өзім қалаған жұмысқа тұрдым. Онда монтаждаушыдан жетекші инженерге дейін көтерілгеніммен, басшылықпен сөзге келіп қалып, ол жұмыстан бас тар­туға мәжбүр болдым», – дейді Алек­сандр. Хабарландырудан ұлттық ком­па­нияға өзі секілді маман қажет екенін ес­тіген ол: «Қайтсем де әлеуетімді көр­се­темін», – деп тістеніп, қатаң ірік­теу­ден сүрінбей өтіп, жұмысқа қабыл­дан­ған. Аз уақыт ішінде өзін көрсете білген ол Ұлыбританияға тағылымдамаға барып, біліктілігін көтеріп қайтқан. «Қа­зақстанға келген соң жаңа құрыл­ғы­ны орнату үшін күні-түні жұмыс іс­те­дік. Күн сайын жұмыс күрделене тү­сіп, кеңседен өзге жерге аяқ бас­пай­тынымды, онда байланып қалғанымды түсіндім. Әйеліммен ақылдаса келе, ол жұ­мыстан бас тарту туралы шешім қа­был­дадым», – дейді Александр бір орын­да тұралап қалсаң, тоқырауға тү­сіп қалатынын айта келе.  width=Десе де, ол ұлт­тық компаниядағы жақсы жұмы­сынан бас тартуына ата-анасы қарсы болып, соңына дейін райынан қайтару­ға тырысып-баққан. Ал алған бетінен қайт­пайтын, мақсатқа жетпей тын­бай­тын Александр өз ісін таппайынша да­мылдамайтынын айтып, ақыры көн­дірген. Әр істің басын шалған Александр ин­тернеттен кездейсоқ көріп қалған ви­деодан соң нақты немен айналыс­қысы келетінін түсінген.«Олег Сирота есімді ресейлік фермер, ірімшік қайна­ту­шы интернетте блог жүргізеді. Оның ірімшік жасаудың технологиясы тура­лы түсірген бір-екі түсірілімін көріп, бұл іс менің де қолымнан келетінін сез­гендей болдым. Өз бетімше түрлі ірім­шік әзірлеуді қолға алдым. Тіпті, жа­саған дүниемді сатып алушылар да та­былды. Сосын туып-өскен ауылым Тор­ғайда ірімшік қайнататын өндіріс орнын ашамын деп шештім. Онсыз да сол уақытта ата-анамды астанаға көші­ріп алсам ба, әлде өзім отбасыммен ауыл­ға көшіп барсам ба деп ойланып жүр­генмін. Сөйтіп, ойлана келе ауыл­дағы ата-анамның қартайған шағында қастарында болайын, сөйте тұра бізде бос тұрған ниша – ірімшік өндіру ісін қолға алайын деген мақсатпен ауылға көштім», – дейді Александр. «Тәуекелсіз іс бітпейді, тәуекел ет­пе­ген арықтан да өтпейді» демекші, Алек­сандр қаладағы пәтерінің саты­лы­мынан түскен ақшаға екі контейнер са­тып алған. Сөйтіп, ірімшік секілді бір күн тұрып қалса бүлінетін өнімді өн­діруге, баптап ұстауға тәуекел етіп, ауы­лында «Сыроделкино» деген атпен өн­діріс орнын ашқан. «Әлбетте, басын­да түрлі қиындыққа тап болдық. Әйе­лім барынша қолдау көрсетіп, жел­пін­діріп, демеп отырды. Қазір айтуға оңай, бірақ сол уақытта расымен қиын кезең бол­ды. Ірімшік қайнататын құрал-жаб­дықтарды әр жерден алып, құрастырып шы­ғардық. Ал оны даярлаудың рецеп­ті­сін интернеттен алдық. Бірақ бізде сауы­латын сүтке «бейімдеу» үшін көп тек­серістен өткіздік. Есімде, 60 литр сүт сатып алып, өзімізше ірімшік жасап көр­гіміз келді. Бірақ мұнымыздан түк шық­пай, ақырында барлығын қоқысқа тастауға мәжбүр болдық. Бірақ түрлі сынақ пен сәтсіздіктен кейін қазір қол­данып жүрген технологияға тоқтал­дық», – дейді кейіпкеріміз.  width=Бүгінде «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағына барғысы келетін ту­ристер жолай Торғай ауылындағы Алек­сандрдың өндіріс орнына соқпай кетпейді. Бас қаладан 110 шақырым қа­шықтықта орналасқан «Ауылда мұн­дай өндіріс орнын ашу мүмкін бе?» деп таңданатын олар Александр мен серік­тес досын сұрақтың астына алып, аз уа­қыт ішінде ел ішінде сирек өндірі­ле­тін ірімшік әзірлеуде жетістікке жету­дің қыр-сырын білгісі келеді. Александр болса, бәріне «Ешқандай да құпия жоқ. Ерінбей еңбек етсең болғаны. Асықпай нәтижеге жетесің. Мұның алып бара жат­қан түгі жоқ. Бұл – кәдімгі шағын биз­нес. Маған әйелім мен достарымнан бө­лек, жергілікті билік өкілдерінің кө­мегі көп тиді», – деп жауап береді. Александр мен оның әріптестері «Сы­роделкинода» аптасына 2 тонна сүт­тен 200 келі ірімшік өндіріп шы­ғара­­ды. «Сүтті көрші ауылдан сатып ала­­мыз. Астанада бірнеше сауда нүк­те­лері­не жеткіземіз. Осылайша, бірте-бір­те дамып келеміз», – дейді Александр алға қойған жоспары көп екенін айтып. Ауылда бизнес көзін ашу мүмкін еке­нін дәлелдеп жүрген Александрға ха­барласып, әңгімеге тарту әсте оңай бол­мады. «Кеш жауап бергеніме кешірім сұрай­мын. Бірақ расымен менің бірде-бір секунд бос уақытым жоқ. Мен өн­ді­ріс орнының иесі ғана емеспін. Өндіріс деген – мына мен, өзіммін. Мысалы, қа­зір келіп түскен өтініштерді реттес­ті­ріп жатырмын. Бір сағаттан соң киі­мімді ауыстырып, ірімшік жасауға цех­қа барамын. Сосын отырып есеп-қи­сап жасаймын. Ертең таң атпастан өнім­дерді жеткізумен айналысамын. Күніне осылай», – дейді ағынан жарыла.

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары