«Келінжан» сериалы YouTube-тан қанша табыс тапты?

«Келінжан» сериалы YouTube-тан қанша табыс тапты?

«Келінжан» сериалы YouTube-тан қанша табыс тапты?
ашық дереккөзі
51305
Қазақстандық «Келінжан» сериалы YouTube-тан қанша қаржы тапқаны жайлы белгілі блогер Асланбек Жұмағали зерттеп көрді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сериалдың барлық серияларындағы жалпылама көрілім сандарын қосып шықтым. 127 млн 900 мың қаралым жинаған. Сериалдың видеоларында авторлық құқық пен әндеріне қатысты шағым болмаса, ютуб кем дегенде 1000 қаралым үшін 0,8 теңге төлейді. Яғни, 127 900 000-ды 1000-ға бөлеміз, шыққан 127 900 нәтижесін 0,8-ге көбейтеміз. Сол кезде 102 320 АҚШ доллары шығады. Мұны теңгеге айналдырсақ 48 413 424 теңге болады», - дейді Асланбек Жұмағали.
Біз ол айтқандай жүйемен есептеп көрдік. Анықтағанымыздай, отандық теле-өнім шынымен де тек YouTube желісінен 50 млн теңгеге жуық табыс таба алатын әлеуетке ие. Айта кетейік, бүгінде YouTube көмегімен табысқа кеңеліп отырған қазақстандықтардың қарасы көбейіп келеді. Оған тағы бір дәлел ретінде веб-сериалдар мен фильмдердің жиі түсіріліп жатқанын айтуға болады.

Серіктес жаңалықтары