Алматының бейнебақылау жүйесіне тұлғаларды тану қызметі енгізіледі

Алматының бейнебақылау жүйесіне тұлғаларды тану қызметі енгізіледі

Алматының бейнебақылау жүйесіне тұлғаларды тану қызметі енгізіледі
ашық дереккөзі
50171
Алматының бейнебақылау жүйесіне тұлғаларды тану қызметі енгізіледі деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасында» күні бүгінге дейін бейнебақылаумен қамтылмаған әлеуметтік объектілерде 7 мыңға дейін бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған. Бұл жұмыс келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Бұдан басқа, есепке алынған және жоғалған адамдарды іздеу кезінде жедел әрекет ету, әуежайда, вокзалдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2026 жылдан бастап барлық бейнебақылау жүйелеріне бейнеаналитика және тұлғаларды тану функциясы интеграцияланатын болады. 2027 жылға қарай бейнебақылау жүйесі Алматы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына бейне суретті шығара отырып, террористік тұрғыдан осал барлық объектілер мен көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің аулаларында камералар орнату есебінен кеңейтілетін болады. Бұл түтінді, отты, қалдырылған заттарды тану және оларға жедел ден қою сияқты ықтимал қатерлердің болуын қадағалауға мүмкіндік береді. Алматыны дамыту бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға дейін адамдар көп жиналатын жерлерде «SOS дабыл түймесі» шұғыл аудио/бейне қоңырау жүйесін орнату аяқталады. Бұл жасалған заңсыз әрекеттерге жедел ден қоюға, сондай-ақ кезекші полиция қызметкерін бейне және аудио байланыс арқылы дереу қосуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары