Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы Католик шіркеуінің басшысымен кездесті

Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы Католик шіркеуінің басшысымен кездесті

Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы Католик шіркеуінің басшысымен кездесті
ашық дереккөзі
50336
Кездесу жайлы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстандағы Католик шіркеуінің басшысы, архиепископ Томас Петамен кездестім. Шіркеу жұмысымен танысып, бүгін тойланып жатқан Қасиетті Богородица Рождество мерекесімен құттықтадым», - деп жазды министр.
Екеуара әңгімеде Рим Папасы Францисктің елімізге сапары, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне әзірлік жұмыстары сөз болған. Сондай-ақ ынтымақтастықты арттыру жайы талқыланған.
«Жылы шырайлы жүздесуде Рим-Католик шіркеуімен сындарлы қарым-қатынас жалғаса беретінін айттым» деп жазды Дархан Қуандықұлы.
   

Серіктес жаңалықтары