Абай облысында дала өрті тіркелді

Абай облысында дала өрті тіркелді

Абай облысында дала өрті тіркелді
ашық дереккөзі
50280
Абай облысының Аягөз ауданында дала өрті тіркелді деп хабарлады turkystan.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап. Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы екі тәулікте Аягөз ауданында дала өрттері тіркелді.
«Аягөз ауданында шыққан дала өрттерінің екеуі толық сөндірілді. Бүгін сағат 9:10-да Аягөз ауданының Баршатас ауылдық округінде құрғақ дала шөптері өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру және жергілікті атқарушы органдардың қыметкерлері өртті сөндіруде. Өрт алаңы анықталып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін өңірдің бес ауданында дала өрттерімен күрес жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.  

Серіктес жаңалықтары