50273
Албания Иран елшілерін елден шығармақ
Албания Иран елшілерін елден шығармақ

Албания билігі мемлекеттің компьютерлік жүйелеріне жасалған кибершабуылға Тегеранды кінәлі санайды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы бүгін премьер-министр Эди Рама мәлімдеді.
«Министрлер кеңесі Иран Ислам Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдады», - деді премьер-министр.Сонымен қатар Иран елшілігінде жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге 24 сағат ішінде елден кетуі керектігі туралы ресми хабарлама жіберілген.