50280
Қостанай облысындағы өрт бомба салдарынан болғаны рас па?
Қостанай облысындағы өрт бомба салдарынан болғаны рас па?

Қазнетте тараған бейнероликте автор Қостанай облысындағы ауқымды орман өртінің себебін жария еткен. Оның айтуынша, тілсіз жау әскери ұшақ қателесіп тастаған бомба салдарынан туындаған. Бұл - жалған деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Кадр сыртындағы дауыс Қазақстаннан мас ұшқыш басқарған ресейлік ТУ-95 ұшағы ұшып өткенін айтады. Оның кінәсінен елімізге бомба тасталған.
ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

– Қазақстан Республикасы аумағынан рұқсатсыз ұшып өткен шетелдік әуе кемелері туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.Қазіргі кезде өрттің нақты шығу себептері анықталуда. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, мамандар бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр.