50332
Бүгінгі Сенат отырысында қандай мәселелер талқыланады?
Бүгінгі Сенат отырысында қандай мәселелер талқыланады?

8 қыркүйек күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).
- Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бірлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы.