Салық төлемеген таксистерге қанша теңге айыппұл салынады?

Салық төлемеген таксистерге қанша теңге айыппұл салынады?

Салық төлемеген таксистерге қанша теңге айыппұл салынады?
ашық дереккөзі
50257
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтарға мемлекеттік бюджет алдындағы салық міндеттемелерін орындау туралы еске салады деп хабарлады turkystan.kz. Олар жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуі қажет. Ол үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу орны бойынша салық органына ЖК ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаны ұсыну қажет. Белгіленген нысан бойынша хабарлама «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда не келу тәртібімен қағаз жеткізгіште беріледі. Жеке тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар режимнің мынадай түрлері бойынша тіркеле алады: - патент негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын ЖК; - «e-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасын пайдалана отырып АСР қолданатын ЖК; - оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК; - ЖК жалпы белгіленген режимде. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР кодексінің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен тиісті тіркеусіз айналысу жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, қайталап бұзған кезде – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркіленеді.    

Серіктес жаңалықтары