50395
Кішкентай керікке ат қоюға байқау жарияланды
Кішкентай керікке ат қоюға байқау жарияланды
Алматы хайуанаттар бағындағы Сұлу атты керік төлдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Кішкентай керік шілде айының соңында дүниеге келген.
«Оған әлі ат қойылмады. Сондықтан біз кішкентай керікке жаңа ат қоюға байқау жариялаймыз. Сүйкімді жануардың түріне қарап, ерекше есімдердің нұсқаларын айтыңыздар. Парақшамызға пікір қалдырып, өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар» деп жазды Алматы зообағы Instagram парақшасында.