50256
БҰҰ тікұшағы апатқа ұшырады
БҰҰ тікұшағы апатқа ұшырады

Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Вирунга қорығында БҰҰ-ға қарасты Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) жалдаған тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы конголық Actualite жаңалықтар порталы хабарлаған деп жазды turkystan.kz.
«Тікұшақ апаты 2 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта болды. Борттағы үш адам да ауруханаға жеткізілді», - деді оқиға болған аймақ басшысы Мвами Баума.Нирагонго облысының әскери әкімшілігінің басшысы, полковник Идума Моленго БҰҰ тікұшағының апатқа ұшырағанын растады, бірақ оның себебін атамады. Тікұшақтың маркасы туралы деректер әлі жарияланған жоқ.