50220
Жолдаудың ең басты бағыты – адамға қамқорлық – Алуа Жолдыбалина
Жолдаудың ең басты бағыты – адамға қамқорлық – Алуа Жолдыбалина
Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Президент Жолдауының ең басты бағыты адамға қамқорлық екенін атап өтті деп хабарлады turkystan.kz.
«Кез келген мемлекеттің бағасы әйелге, балаға, адамға деген қамқорлығымен белгіленеді. Президент бала күтіміндегі әйел адамдарға қолдау көрсетіліп, балаларға ұлттық қордан ақша бөлінетінін айтты. Бұл –азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған дүние. Ең бірінші бағыт – адами капиталдың дамуы. Әсіресе, ауылдық аймақтарда ауруханалардың, фельдшерлік пункттердің ашылуы – өте өзекті мәселенің бірі. Өйткені бүгінде ауылда жеті жарым миллионға жуық адам тұрады. Статистика бойынша - 38,8 пайыз. Адам өмірінің сапасы денсаулықтан басталады. Оған пандемиядан кейін көзіміз жетті.
Одан кейінгі маңызды бағыт – мемлекеттік басқару. Мемлекеттік басқарудағы жаңа көзқарас, тиімді тәсілдер біздегі ұлттық жобалардың жүзеге асуына тиімді әсер етеді. Кейбір олқылықтар, кемшіліктер бар. Олар жетілдіруді талап етеді. Осы бағытқа үлкен мән берілді. Қызметкерлердің сапасы, білімі де маңызды.
Үшінші, саяси институттардың дамуы. Биыл референдумда Конституцияға өзгеріс енгізгеннен кейін саяси институттардың жаңаруына негіз жасадық. Президент, Парламент институтындағы өзгерістер, сайлау Қазақстандағы саяси институттардың дамуына септігін тигізеді», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.