Нүркен АРАЛБЕКОВ: Жаңа Қазақстан жастарға серпін береді

Нүркен АРАЛБЕКОВ: Жаңа Қазақстан жастарға серпін береді

Нүркен АРАЛБЕКОВ: Жаңа Қазақстан жастарға серпін береді
ашық дереккөзі
554
– Жастар – қоғамды ілгері­ле­те­тін, еліміздің терезесін өзгелермен тең ете­тін үлкен күш. Жастарға жағ­дай жа­сау, көңіл бөлу, оларды барын­ша жан-жақты қолдау өте маңызды. Өйткені жастарды ел ісі­не тарту, за­ман талабына сай бейім­деу арқылы мемлекет жарқын болашақты қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі» дей отырып, жастарға қатысты бірқатар маңызды мәселені көтеріп, шешу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 800 мың баланы заманауи мектептермен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығын азайтады. Тиісінше, білім сапасы барлық деңгейде теңестіріледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары білім беру жүйесі бойынша ЖОО-ға оқуға түсуге ҰБТ-да жинаған балына және басқа да көрсеткіштер бойынша 30-100 пайыз мөлшерінде грант бөлу қарас­тырылатынын айтып өтті. Оған қоса, студенттерге оқу ақысын төлеу үшін жылдық 2-3 пайыздық жеңілдетілген несиелер берілетін болады. Президент студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша жаңа жатақханаларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Сондай-ақ келесі жылы еңбекпен қамтитын түрлі шара арқылы 100 мың жастың жұмыспен қамтылатынын атап өтті. Бүгінде жастардың кәсіпкерлік саласында жетістіктері жақсы және мемлекет тарапынан қолдау көрсету жалғаса береді. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілін әзірлеу керегін айтты. Бұл – Түркістан облысындағы жалпы жастар санының 81 пайызын құрайтын ауыл жастарына жағымды жаңалық. Осылайша, өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысатын жастарға жаңа мүмкіндік береді. Жолдауда әлеуметтік және экономикалық саясаттың арасындағы тепе-теңдік сақталған. Мысалы, «балық берме, қармақ бер» принципі ескеріле отырып, ел болашағына арналған стратегиялық дамудың нақты бағыттары көрсетілген. Президенттің жастарға жасайтын қолдауы арқасында жоғары білімге қол жеткізу, кәсіби маман ретінде қалыптасу – мемлекет іргетасын қалайтын жастарға берілген үлкен мүмкіндік.

Серіктес жаңалықтары