50259
Руслан Баймишев қызметінен босатылды
Руслан Баймишев қызметінен босатылды

Үкіметтің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Фемида» заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.
2008-2016 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды.
2016-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры;
2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.