Австралия үкіметі қайтыс болған Синдзо Абэні марапаттады

/
Австралия үкіметі қайтыс болған Синдзо Абэні марапаттады
ашық дереккөзі
Австралия үкіметі қайтыс болған Синдзо Абэні марапаттады Австралияның ең жоғары наградаларының бірі саналатын «Достық» құрмет ордені Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қайтыс болғаннан кейін берілді деп хабарлады turkystan.kz. Австралия үкіметі Абэні «бірінші дәрежелі мемлекет қайраткері» деп атады. Олар оны екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерді деп бағалап отыр. Хабарламада бұл марапатты көзі тірісінде  Абэнің өзі алуға келіскені айтылған. Австралия үкіметі Абэнің Үнді-Тынық мұхиты аймағына деген көзқарасы мен «Төрттік қауіпсіздік диалогындағы»  көшбасшылығы үшін жоғары бағалаған.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары