Елордадағы тұңғыш қазақ мектеп-лицейіне қанша бала қабылданды? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Елордадағы тұңғыш қазақ мектеп-лицейіне қанша бала қабылданды? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Елордадағы тұңғыш қазақ мектеп-лицейіне қанша бала қабылданды? (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ашық дереккөзі
50619
Осыдан тура 23 жыл бұрын ел астанасында тұңғыш қазақ мектеп-лицейі ашылды деп жазды turkystan.kz. Ал бүгін №38 мектеп-лицейі деп аталатын сол білім ордасында Алғашқы қоңырау іс-шарасы ұйымдастырылды.  width= Жиын барысында мектеп директоры Мұқанов Қадырғазы Камалұлы ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдiршiндерге арнап құттықтау сөз сөйледі.
«Президентіміз биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын білесіздер. Сiздердiң балаларыңыз осындай айтулы кезеңде мектеп табалдырығын аттап отыр. Биыл 1-сыныпқа 284 бала кадам басты. Барлықтарыңызды Білім күні мерекесiмен кұттықтаймын. Өткен оқу жылын бiршама жетiстiктермен аяқтадық. Биыл 109 түлегiмiздiң 50-і мемлекеттік грант иегері атанды», - деді білім ордасының басшысы.
Сондай-ақ ол ұстаздар қауымын жауапкершілігі мол ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын айтты.
«Оқушыларға сапалы білім беру үшiн аянбай еңбек етiп жаткан барлық ұстаздар кауымын да бүгiнгi мерекемен құттықтаймын! Өскелең ұрпаққа бiлiм нәрін сусындатып, өнегелі тәрбие берiп жаткан ерен еңбектерiңiздiң жемiсiн көрiңiздер!» - деді Қадырғазы Мұқанов.
 width=  width= Жылы лебіздер мен ақжарма тілектерден кейін 1-сынып оқушылары барша білім іздеген жастарды қоңыраудың үнімен мектепке шақырды. Биыл бұл мектептің 1-сыныбына 284 бала қабылданды.  width= Ұзақ демлыстан оралған балалар мұғалімдеріне еріп, жаңа оқу жылына кірісіп кетті.  width= Айта кетейік, №38 мектеп-лицейі 5 жыл көлемінде қала мектептері арасында озық нәтижелерімен көш бастап келеді.  width= 2019 оқу жылы қыркүйек  айында Голландияның астанасы Амстердамда Лессон стади бойынша өткен WOLS атты халықаралық конференцияда үздік мектеп деп танылған. Қазіргі таңда инновациялық технологияларды жүзеге асыру  бойынша мектеп-лицейде  6 инновациялық жоба  жұмыс істеп тұр.

Серіктес жаңалықтары