Сенаттың жаңадан сайланған 6 депутаты ант берді

Сенаттың жаңадан сайланған 6 депутаты ант берді

Сенаттың жаңадан сайланған 6 депутаты ант берді
ашық дереккөзі
50319
Жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған Сенат депутаттары ант берді деп хабарлады turkystan.kz.
«24 тамызда жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында Сенат депутаттарының сайлауы өтіп, қатарымызға 6 сенатор қосылды. Жаңадан сайланған депутаттарды сайлаудағы жеңістерімен құттықтаймыз. Сіздер түрлі салада қызмет атқарып, өңірлерде жылдар бойы табысты еңбек еттіңіздер. Енді мол тәжірибелеріңізді заң шығару қызметінде кеңінен пайдаланып, депутаттық міндеттеріңізді абыроймен атқарасыздар деп сенеміз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Палата алдында депутаттар - Айнұр Арғынбекова, Советбек Медебаев, Амангелді Толамисов, Бақытжан Байахметов, Ғалиасқар Сарыбаев және Серік Шайдаров ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді жаңадан сайланған сенаторлар.
 

Серіктес жаңалықтары