Тәрбиешілердің жалақысын көбейту – құптарлық іс

Тәрбиешілердің жалақысын көбейту – құптарлық іс

Тәрбиешілердің жалақысын көбейту – құптарлық іс
ашық дереккөзі
50238
– Президент Жолдауында әлеуметтік, ана мен бала мәселесі басты назарға алынған. Халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан қазір мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы тиіс екені айтылды. Президент бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға баратынын, балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет екенін айтты. Бұл, расымен, қазіргі өзекті мәселе. Тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту туралы бастама көтерілгені – құптарлық іс. Бұл – ұрпақ үшін жасалып жатқан үлкен инвестиция. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де  біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет», – деді. Әлеуметтік жағдайдың дұрысталуы көп мәселені шешетіні анық. Сондықтан енді жалақы көбейсе, лайықты мамандар ұрпақ тәрбиесімен айналысады деп ойлаймын. Бала күтіміне арналған жәрдемақы жарты жылға созылып отыр. Бұл да бала күтімімен үйде отырған аналарға үлкен қолдау. Болашақта үш жылға дейін созылады деп ойлаймын. Өйткені баланың осы уақытта анасының қасында болуы оның  дені сау азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ,

Қарағанды университетінің аға оқытушысы,

 саясаттанушы

Серіктес жаңалықтары