Жолдауда барлық маңызды салалар қамтылды – Аида Балаева

Жолдауда барлық маңызды салалар қамтылды – Аида Балаева

Жолдауда барлық маңызды салалар қамтылды – Аида Балаева
ашық дереккөзі
50298
Мемлекет басшысының Жолдауы қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларын қамтыды. Оларды тиімді реформалау – Жаңа Қазақстанды табысты құрудың бірден-бір кепілі. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева әлеуметтік желіде жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Реформалардың негізгі мазмұны – бірінші кезекте өскелең ұрпақтың мүддесі, адами ресурстарды дамыту, мемлекеттің әлеуметтік құрамды бөлігін күшейту тақырыптарын қозғады. Яғни, мықты әрі белсенді және бәсекеге қабілетті қоғам құру арқылы – табысты мемлекет құру жолын жалғастыру. Жарияланған шешімдердің басым бөлігі жас буынның өмір сүру сапасын арттыруға арналды. Атап айтқанда, декреттік төлем мерзімін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігін балалардың есеп-шотына аудару, білім алу үшін жеңілдетілген несие беру және т.б. Президенттің назарынан синтетикалық есірткімен күрес пен отбасылық-тұрмыстық әлімжеттілік жасайтындарға жазаны күшейту мәселелері де тыс қалған жоқ», - деді Аида Балаева.
   

Серіктес жаңалықтары