Сән-салтанатқа салық салу енгізіледі

Сән-салтанатқа салық салу енгізіледі

Сән-салтанатқа салық салу енгізіледі
ашық дереккөзі
50796
Салық төлеушілерді салықтан жалтаруға құмарлығын азайту үшін арнайы салық режімдерін жеңілдету керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеу мәселесі жаңа кодексте қарастырылуы қажет. Сауда-саттық заман талабына сай дамуы үшін мөлшерлемесі ойға қонымды әрі рәсімдері қарапайым бөлшек сауда салығын қолдану аясын кеңейту керек. Салық реформасы аясында сән-салтанатқа салық салуды енгізген жөн. Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент автокөлік сатып алу кезінде төленетін алым-салық мәселесіне жеке тоқталды.
«Кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер баршаға мәлім. Заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары