50285
Ең төменгі жалақы көбейеді
Ең төменгі жалақы көбейеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны көбейтуді тапсырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Ол еңбекақының мөлшерін кезең-кезеңмен ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 млн азаматтың табысына тікелей әсер етеді», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.