«Өз-өзіне оқ атқан»: ШҚО-да аудандық мәслихат депутаты суицид жасады

«Өз-өзіне оқ атқан»: ШҚО-да аудандық мәслихат депутаты суицид жасады

«Өз-өзіне оқ атқан»: ШҚО-да аудандық мәслихат депутаты суицид жасады
ашық дереккөзі
50287
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының депутаты суицид жасаған деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде Зайсан аудандық мәслихат депутатының өзіне қол жұмсағаны жайлы ақпарат тарады. Ақ-қарасын білу үшін агенттік тілшісі ШҚО Полиция департаментіне хабарласып көрді. Олар ақпаратты растады.
«31 тамыз күні полицияға Зайсан қаласының 58 жастағы тұрғынының өзіне қол жұмсағаны жайлы хабар түсті. Қазір аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.
Бейресми дерек бойынша, мәслихат депутаты үйінде өз-өзіне оқ атқан.

Серіктес жаңалықтары