«Динамо Алматы» клубының жаттықтырушысы Бәйтеректің алдында аштық жариялады

«Динамо Алматы» клубының жаттықтырушысы Бәйтеректің алдында аштық жариялады

«Динамо Алматы» клубының жаттықтырушысы Бәйтеректің алдында аштық жариялады
ашық дереккөзі
50245
«Динамо Алматы» хоккей клубының жаттықтырушысы Нұр-Сұлтандағы Бәйтерек алдында аштық жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Юрий Богайчук өзінің бейнеүндеуінде клубтың проблемаларына назар аударылғанша Бәйтеректің жанында аштық жариялауды жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді деп жазды Goalkz.kz. 500-ге жуық бала жаттығатын Қазақстандағы ең ірі жеке клуб жаттықтырушысының айтуынша,  оларды «Алматы Арена» мұз айдынында толыққанды жаттығу өткізу мүмкіндігінен айырған. Сондай-ақ  клуб өкілі Никита Токатов мәселенің мәнін түсіндірді. «Қазір біз жаттығуларымызды жалғастыра алмаймыз. Өйткені жаттығудың жартысынан көбін алып тастады. Осының барлығы аренаға қызмет көрсететін «М-Лайн» компаниясының басқаруымен болып жатыр. Аренада бейберекетсіздік. «Алматы арена» спортшылар үшін жабық. Енді онда тек концерттер ғана өтеді. Барлық спортшы «Халық аренасына» көшуге мәжбүр. Бұл – біздің ғана емес, бүкіл қалалық спорттың мәселесі», - деп жазылған хатта.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Богайчук Юрий (@bogaichuk.yuriy)

Серіктес жаңалықтары